Әжей, әжетай, әжеке

lat: Ájeı, ájetaı, ájeke

Әжеге еркелеп, құрметтеп, жалынғанды білдіретін атау.

Күнде-күнде кешкісін,

Көрші әжейге келемін.

Сауғызамын ешкісін,

Отын жарып беремін (С. Қалиев). Тікқұлақ аман, Нүрбибі әжетайым үшеуін мәпелеп күтеді (М. Гумеров).

Аяладың, әлдиледің, көтердің,

Не қаласам, соның бәрін әпердің.

Жаны жайлау жазиралы әжекем.

Еңбегіңді немен, сірә, өтермін (Б. Тәжібаев).